Биография

Ақын, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты,  Қазақстан Мәдениет қайраткері, «Жас қазақ үні» газеті Бас директоры Қазыбек ИСА Жарылқасынұлы 1962 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы (бұрынғы Киров ауданы) Бірінші май ауылында дүниеге келген. 1979 жылы Шардара ауданы Қызылқұм ауылындағы орта мектепті бітіріп, Алматыдағы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының (қазіргі ҚазҰПУ) көркемсурет-графика факультетіне түседі. 1984 жылы институтты бітірген Қазыбек Иса Шардара ауданы Қызылқұм орта мектебінде еңбек жолын бастайды.
1991 жылы қаңтар айында Алматыдағы алғашқы демократиялық басылым «Жас қазақ» газетіне бөлім меңгерушісі болып ауысады. 1993 жылы «Өркен» газетінде бөлім редакторы болып істейді. 1998 жылы «Қазақпарат» баспа корпорациясында вице-президент болып қызмет етеді.
2000 жылғы 2 мамырдан бастап, «Жас қазақ үні» газетінің тұңғыш бас редакторы – директоры болып еңбек етеді. 2009 жылдан бері «Жас қазақ үні» газеті Бас директоры – Редакторлар кеңесі төрағасы. Сонымен қатар «Жұлдыздар құпиясы» журналы бас редакторы және «Тұран» баспасының директоры.
Алғашқы өлеңдер топтамасы 1984 жылы «Аудитория» студенттер жинағы мен 1989 жылы «Тоғыз тарау» жинағына кірді. Тұңғыш жеке кітабы 1995 жылы «Керімсал» деген атпен жарық көріп, жырсүйер қауымның жылы бағасын алды. 2002 жылы «Қызыл жыңғыл» кітабы шықты. 2008 жылы «Тәтті шөл» жыр кітабы жарық көрді. Бірнеше республикалық мүшайралардың бірінші жүлдегері.
2008 жылы «Тәтті шөл»  кітабы үшін Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты атанды.  2009 жылы Қазақстанның Мәдениет қайраткері  атағына ие болды.
Алматы қаласында тұрады. Отбасында жары Жәннат екеуі төрт бала тәрбиелеп келеді.

Responses

  1. Қазыбек ИСА аға Алматыдағы алғашқы құрылтайда тансықанбыз өте ақ көңіл жан екенсіз.Ризамын сізге!

    Енді блогыңызды көріп қуанып отырмын!
    Шалқар шабыт тілеимін
    Блогыңздың Монголядан алғышқы оқырманының сәлемін қабыл алғайсыз!!!

  2. Өз атымдағы тұңғыш блогтың тұңғыш пікірмені болып, басқа емес, Көкбөрі атты қасиетті есімді иеленуші болғанына қуаныштымын. Рахмет. Сен тек Моңғолиядан ғана емес, жалпы алғашқы оқырмансың. Ағайындарға сәлем айт.Жақында «Жас қазақ үні» газеті мен «Жұлдыздар құпиясы» журналын жіберемін.Хабар алысып тұрайық. Қазыбек Иса.

  3. Блогыңыз құтты болсын Аға. Шығармашылық табыс тілеймін.

  4. Рахмет, айтқаның келсін!

  5. Ассалаумағалайкум! Блогшылар ортасына қош келдіңіз, аға! Сіз сияқты көз қарақты, білікті адамдар біздің ортамызға қажет-ақ.

    • Уағалайкум-ассалам! Рахмет, ақ ниетіңе. Алла жар болсын!

  6. Сіздің жазғандарыңызды оқыған сайын – ақиқат жолына жол сілтеген шамшырақты елестетемін. Еңбегіңіз табысты болсын!

  7. Сәлеметсізбе Қазыбек аға?!Блогыңызға енді кіріп тұрамын.Еңбегіңізге табыс тілеймін!!!

  8. Блог әлеміне қош келіпсіз!

    • Здравствуйте,Казыбек ага.Я очень рада за Вас.Удачи Вам.

  9. Қазыбек сәлем бауырым! Маған көмегің керек болып тұр.. Темірхан Әбдіков Арыс қаласы

  10. Қазыке, қал қалай? Анаға сыр әнін әншісін тауып шығарайықта. Амантай Раев

  11. Ассалаумағалейкум Қазыбек аға! Қал – жағдайыңыз жақсы ма? Бұл өткендегі Жастар Сарайында танысқан ініңіз – Мақтааралдық (бүгінде Астаналық) Музафар. Аға 2003 жылы «Жас қазақ үні» газетіне менің Махамбет Өтемісұлының рухына арнаған (сол жылы 200 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланып жатқан) циклды өлеңдерім жарты бет болып шыққан. Сіздің шығармашылығыңызды жоғары бағалаймын. Сізді ендігі уақытта Парламенттен көргіміз келеді, аға! Шығармашылық табыстар тілеймін. Ел бағына аман-есен жүріңіз.

  12. Ассаляму алейкум, Қазыбек інім!
    Мен де оңтүстіктің тумасымын. Сиздин туындыларынызды суйіп оқитын оқырмандарыңыздын бірімін.
    Керимсал атты кітабынызды Шымкент қаласында қай жерде сатып алсақ болады?


Пікір қалдыру