Posted by: kazybek | 10 Мамыр 2011

ОЙЫНШЫҚТАР

Көңілім көптен жүрген-ді менің басылып,
Адымды тұсар адасуларға ашынып.
Үйіме келсем үйірілген мұңнан арылмай,
Ойыншық біткен  қалыпты жерде шашылып…

Жүрегім еріп, суретке мынау сүйкімді,
Бойымды билеп алғаны лезде күй түрлі.
Жан ботам менің жатқандай ойнап бөлмеде,
Көзімнің алдын көлбеді сәуле сиқырлы.
Read More…

Оны олар Тоқаевты шығарып саларда.. еске түсірді.

Иә, құдайға шүкір, құдайдан былай емес депутаттар да өздерінің адам екендіктерін естеріне түсіре бастады… 15 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы орынбасары-Женева департаменті директорыболып аттанып кетіп барады… «Орнына кім болады екен?» деген сұрақ Елбасы айтқандай, бүкіл елді «гуілдетуде…»

ҚазТАГ тілшісінің осындай сұрағына сенатор Тасбай Симамбаев былай деп жауап беріпті:

- Болжамдар өте көп. Бізде кристальдай таза жігіттер өте көп деп ойлаймын…(Тоқаев секілді – ҚазТАГ). Бірінші Құдай біледі, екінші –Нұрсұлтан Әбішевич біледі. Ертең сағат 3-те… біз бәріміз бірге Қасым-Жомарт Кемеловичті шығарып саламыз. Еркектерше қол алысып, құшақтасып, бір кесе шәй ішеміз. Біз адамбыз ғой…

Сөйтіп, Симамбаевтың сипаттауынша, депутаттар да адам қатарына жатады екен… Тек, өздерінің адам екендіктері араларынан нағыз адам,Сенат төрағасы Тоқаев кетіп бара жатқанда ғана естеріне түскені өкінішті-ақ…

Қ.СЕЙХУНИ

Posted by: kazybek | 13 Сәуір 2011

Алатау батыр

Ордалы Оңтүстіктегі қызырлы Қызылқұмның төрқаласы, шежірелі Шардарада елінің тәуелсіздігі үшін басын бәйгеге тіккен батырларымыздың бірегейі, бар қазаққа бас қолбасшы болған Алатау батырға ас беріліп, ұлы тұлғамыздың ұлықталғаны былтыр еді. Енді міне, 23 сәуір күні Алатау батыр атындағы ауылда баһадүрдің еңселі ескерткіші ашылмақ.

222

Атыңа сай Алатаудай алыпсың,
Затыңа сай Қаратаудай тарихсың!
Бар қазаққа бас қолбасшы атанып,
Алатаудай атақты елден алыпсың.
Ұран салсам –шамырқанар шабыт шын!.. Read More…

Posted by: kazybek | 10 Сәуір 2011

ЕРІКПЕСЕ, ЕРІМБЕТОВ БОЛА МА?

ОЛ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІН ҚҰРУДЫ ДА…
СЫРАХАНАДА ОЙЛАПТЫ…

БЕРІДОҢҒАРОВТА БЕРІ ОҢҒАРЫЛАР БЕТ БАР МА?

Қоғамдық ой-пікірді білдіріп отыру мақсатында «Айтпаркті» ашқалы айтпайтыны азайған Нұрлан Ерімбетов туралы «Ерікпеңіз, Ерімбетов мырза!» деп «Халық сөзі» газеті халық сөзін айтыпты. Тура айтқан.
Қазақша білмесе де, қазақ парламентіне қайдан және қалай келгенін әлі түсінбей жүрген Тәнірберген Бердіоңғаровтың кешегі қазақты қынадай қырып, отарлаған қызыл большевиктердің, бүгінгі Ресей мемлекетінің мерекесі – Ресей Отан қорғаушылар күні – 23 ақпанмен құттықтаған мәңгүрттігі бір бұл емес. Осының алдындағы үшінші шақырылымда да ( беті бері оңғарылмайтын Бердіоңғаров сол кезде де депутат болған. Бірпартиялы боламыз деп, осындай күйге жеткен қайран парламентіміз-ай…) осылай «оттаған». Сол кезде « Әй, бала, сен Ресейдің Думасында отырған жоқсың, шаңыраққа қарап, байқап сөйле!» деп, оны орнына қойған Амангелді Айталы секілді ұлттық намысы бар депутаттар болатын… Бұл жолы сол жарапазын тағы да қайталаған ресейшіл депутатқа Бекболат Тілеухан бастап, Нұртай Сабилянов қостап, ұлттық қаны бар депутаттар саяси қателікке тойтарыс берді. Read More…

ҚАЗАҚША НАН СҰРАЙ АЛМАЙТЫН ҚАСЫМОВТЫ ӨТКІЗУ – қазақ тілі мен ҚАЗАҚТЫ ҚОРЛАУ! Мемлекеттік тілді, яғни МЕМЛЕКЕТТІ ҚОРЛАУ! Мемлекет басшысын – ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫН ҚОРЛАУ!
1111
Не көрмеген біздің байғұс қазақ?! Міне, енді қазақ тілін қақпайтын, қазақшасы нан сұрап жеуге жетпейтін сенатор Ғани Қасымовты кезектен тыс президент сайлауының мемлекеттік тілден емтихан алатын лингвистикалық комиссиясы зуылдатып «өткізіп жіберді»… Комиссия төрағасы Мырзатай мырза беті бүлк етпестен «Ғани Қасымов қазақша жақсы меңгерген» деп соғып тұр…
Read More…

Posted by: kazybek | 6 Сәуір 2011

Қош бол, оп-по-зиция!

abilov
МЕМЛЕКЕТ БАСҚАРМАҚ БОЛАТ ӘБІЛОВ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ СЫНАҒЫНАН ҚАШТЫ МА?..

Қош бол, оп-по-зиция! Бұл өздерін «Азат» деп атаған ЖСДП партиясының 12 ақпандағы сьезінің шешімімен биылғы 3 сәуірде өтетін кезектен тыс Президент сайлауына қатыспайтындықтарын мәлімдегенде ауызға түскен алғашқы сөз еді…
Read More…

2222

Біздің Парламент мүшеле­рінің көбісі ойына не келсе, соны айтатынды шығарды. Әрине, ауыз өзінікі деп қоя салуға болар еді, бірақ ха­лық мүддесі , ұлт тағдырын ойыншық еткісі келетіндер Ресей тілінде сайрап жатқанда, неге біздің биліктегілердің құлдық психологиясы жойылмай қойды деген ой қаныңмен бірге басыңа шапшиды… Read More…

444
СОНДА БІЗ ОТЫЗ ЖЫЛДАН СОҢ ҒАНА “СӨЙЛЕЙТІН” ҚОЖАНАСЫРДЫҢ “кейіпкеріне” АЙНАЛУЫМЫЗ КЕРЕК пе?

«Самарқанда бір әпкем бар, бұдан да өткен сорақы» дегендей, сенатор Симамбаевтың сауалына Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов елп ете қалып, ертеңіне-ақ эфир арқылы жауап берді. Мәсімов мұртынын күліп тұрып, «мемлекеттік тілге енді 10 жылдан кейін, 2020 жылы ғана көшеміз» деп былш еткізді. Біреу бетімізге түкіріп жібергендей, жалма-жан қол орамалымызды іздедік…
Тоқ күлкісі сыртқа теуіп, жылтырап тұрған Кәре¬кеңнің жүзінен аса бір ризашылық кейіп танылып тұрды… Read More…



«ТІЛ ТУРАЛЫ» ЗАҢНЫҢ 20 жылдығына байланысты Республика сарайында өткен
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОЛДАУ» АКЦИЯСЫНДА СӨЙЛЕНГЕН СӨЗ.

Әлемде жалғыз ел бар, мемлекеттік қызметкерлері мемлекеттік тілде сөйле­мей­тін, ол – Қазақстан. Әлемде жалғыз ел бар, Мемлекет басшысы – мемлекеттік тілде сөйлемейтін, өзі бір кезде отары болған шетелдің тілінде сөйлейтін, ол да Қазақстан. Өз мемлекетінде өзінің мемлекеттік тілінің мүшкіл халіне акция өткізетін, оған өліп-талып, зорға қол жеткізетін ел де осы Қазақстан. Read More…

Posted by: kazybek | 3 Сәуір 2011

Алма бақтың ұрысы

Шынайы «досы»- шынысы…
Бітірмесе оны…бітердей болған тынысы,
Намазын бұзып,
Ауырып қалған әкесін
Қолдайды жалғыз кішкентай қызым , дұрысы-
Қоңырөлеңнің алма бағының ұрысы…

Алманы мен де ұрлап ем бала кезімде,
Беріліп кеттік кейін біз
Алмадай тәтті сезімге…
Алкеуде болдым ал бүгін…
Алаяқтарға ащылау,
Алашқа дәрі сөзім де…
Read More…

Older Posts »

Категориялар

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.